Тамыздың соңғы аптасында Қазан қаласында өткен “Ислам әлемінің қалыпты дамуындағы ғылым мен технологияның үлесі” деген тақырыптағы ғылыми жиынға Нобель сыйлығы иегерлерінен бастап талай әйгілі ғалымдар қатысқан болатын.
Ал менің ойыма осы сәтте “Алгебраның атасы” атанған ғұлама оралған еді. Әбу Абдулла Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми Хиуада дүниеге келіп, Бағдатта шын жайына атанды. Бүкіл саналы ғұмырын ғылымның әртүрлі салаларын дамытуға арнаған ол әлемдік деңгейдегі ғұлама ғалымға айналған болатын.
Дей тұрғанмен ғалымның есімін күллі әлемге жария еткен оның “Әл-Китаб әл-мұхтасар фи хисаб әл-джәбир әл-мүкабәла” деген еңбегі еді. Әл-джәбир теңдеуді негізгі қалпына келтіру амалы боп табылады екен. Сондықтан осынау теңдеудің табиғи қалпына келтіру тәсілі әлемдік ғылымның ілгері өркендеуіне ерекше ықпал еткен болатын.
Еуропалықтар болса 14- ғасырдан бастап, дыбыстық үндестікке сәйкестендіріп, ол амалды “алгебр” деп атап кеткені белгілі. Әуелі араб, содан кейін еуропалық ғалымдар өз ізденістерінде әл-Хорезмидің еңбектерін басшылыққа алып, оны өздеріне ұстаз тұтты. Осылайша, ұлы ғұлама “Алгебраның атасы” атанған еді.
Ғалым сондай-ақ- арифметиканың дамуына да өлшеусіз үлес қосқан біртуар дарын. Он екінші ғасырдан бастап әлем ғалымдары әл-Хорезмидің бұл саладағы табыстарын да өз ізденістерінде темірқазық етіп ұстанып, ауторлық еңбектерінде “Алгоритми айтады...” деп басталатын сілтемелерді көп қолданатын еді. Сөйтіп “әл-Хорезми айтады...” деген дәйектемелік сөз өзгере келіп, “Алгоритми айтады”-ға айналып, кейін келе Альгоритмус термині пайда болған-ды.
Әл-Хорезми тек дарынды математик қана емес, ұлы астроном да болған. Оның жазған “Астрономиялық таблицалар” еңбегінің өкінішке қарай түпнұсқасы сақталмады. Дегенмен бүгінгі күнге жеткен өңделген нұсқасының өзі ғылымға баға жетпес үлес боп қосылды.
Сондай-ақ “Жер бедері жайындағы кітап” атты еңбегінде әл-Хорезми қасиетті Құрандағы осы тақырыпта келген аяттарды басшылыққа алған болатын.
Орта Азияда дүниеге келген ұлы перзент сонымен бірге этнография, тарих, медицина салаларына да қайталанбас үлесін қосып кетті.
Қазандағы басқосуда әл-Хорезми бабаның еңбектерінің ғылыми сараптамаларда айрықша аталғаны заңды да.