Қазақстандық белсенділер елде қоршаған ортаны қорғау саласында қордаланған проблемаларды шешуді мақсат ететін экологиялық партия құру туралы кезекті рет бастама көтерді.
Азаттықтың бұл жолғы «Онлайн-талқысында» биология ғылымдарының кандидаты, қоғамдық белсенді Жанұзақ Әкіммен әңгімеге Қазақстан экологиясының жағдайы арқау болды.
Хабардың модераторы – журналист Қасым Аманжолұлы.