Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ӘЛЕМ
Оңтүстік Осетиядағы соғыстың салқыны 30 жылдан кейін де сезіледі
5 қаңтар 2021 жыл, 20:58
Амос ЧЭПЛ
Кавказ тауларындағы 30 жыл бұрын басталған қақтығыстың салдары грузиндер мен осетиндердің күнделік тіршілігінен әлі де байқалады.
1
Грузиндер мен осетиндердің 1991 жылғы қақтығысы кезінде бүлінген пәтерінде отырған әйел.
Совет Одағы ыдырап жатқанда болған бұл қақтығыс Грузияның ең "қисынсыз" шиеленісі саналады, бірақ оның салдарын Кавказ жұрты әлі байқап отыр.
2
Оңтүстік Осетия астанасы Цхинвал қаласының көшесінде жүрген жас әйелдер. 1983 жыл.
Совет Одағы кезінде Оңтүстік Осетия Грузия республикасының құрамындағы автономиялық облыс болатын.
3
Осетин аңшысы, 1970-жылдары.
Осетиндер – шығу тегі ирандық этникалық топ. Осетин тілі парсы тіліне ұқсайды. 1989 жылы Оңтүстік Осетияның халқы 98 500 шамасында болған. Оның үштен екісі – осетин, үштен бірі – грузин.
Сырттан келген бақылаушылардың бірі грузиндердің де, осетиндердің де ашық-жарқын халық екенін, бейтаныс адамға да қонақжайлық танытанын атап өткен.
4
Звиад Гамсахурдиа (ортада) Тбилисидегі митингіде. 1989 жыл.
1980-жылдардың соңында Грузия Совет Одағынан бөлініп шығуға әрекет жасап, ұлт мәселесін көтерген Звиад Гамсахурдиа билікке келді. 1991 жылы ол 90 пайызға жуық дауыспен президент болып сайланды. Бір философ Гамсахурдианың "Грузия грузиндер үшін" дейтін ұранына: "Егер бұл халқымның таңдауы болса, ендеше мен халқыма қарсымын" деп пікір білдірген еді.
5
"Осетия советтік болған, бола береді де!" деген жазуы бар плакаттың астында тұрған балалар. 1 қаңтар 1991 жыл.
Грузия Совет Одағынан бөлініп, тәуелсіз ел болуға талпынғанда көптеген грузин осетиндерден сескеніп, оларды "бесінші колонна" көрді. Ал осетиндер өздерін оқшауланғандай сезінді. Жаңа қабылданған заңдар грузин тілін мемлекеттік тіл етіп бекітіп, осетиндердің Тбилисидегі саяси өкілдігіне шектеу қойды.
6
Грузиндер мінген көліктер колоннасы Цхинвалға кірмек болған кезде өртке оранған автобус. Қараша 1990 жыл.
Оңтүстік Осетия Тбилисиден автономдығын одан әрі күшейтетінін мәлімдеген соң, Гамсахурдиа "Қолына қару алуға қауқары жететін барлық грузинді Цхинвалға қарсы маршқа қосылуға" шақырып, "шабуыл 23 қарашаның таңы басталады" деді. Мыңдаған грузиннен құралған колонна блокпостар мен топ болып жиналған осетиндерге тап болды. Қақтығыс салдарынан кемі алты адам қайтыс болды.
7
Совет сарбазы Цхинвал қаласындағы күзетте. Желтоқсан 1990 жыл.
Кремль Оңтүстік Осетиядағы "қақтығыс пен қантөгісті тоқтату үшін" ол жаққа Ішкі істер министрлігі әскерін жіберді. Бірақ ресми Тбилиси Совет билігінің "араға түсуіне" қарсылық білдіріп, ол жерге өз сарбаздарын қоса жіберді.
8
Осетин жауынгерлері Цхинвалдағы баррикадада. 1 қаңтар 1991 жыл.
Атыс 5 қаңтар күні басталды. Сол күні Грузия сарбаздары Цхинвалға кірген. Грузиндер мен осетиндер арасындағы қала ішіндегі қақтығыс бірнеше аптаға созылып, Грузия әскерінің шегінуімен аяқталды.
9
Цхинвалдың сыртындағы траншеяда тұрған осетиндер.
Олар өндірісі 1890-жылдары басталған Мосин-Наган дейтін ескі орыс мылтығын ұстап тұр.
1991 жылы Оңтүстік Осетиядағы грузин және осетин ауылдарында ұлтаралық қырғын, қоқан-лоқы жиі байқалды.
10
Оңтүстік Осетиядағы Авневи дейтін грузин ауылындағы өртенген үйді қарап жүрген адамдар.
Ұлтаралық қақтығыстың басым бөлігі оқшау жатқан аумақтарда болды. Қақтығыстан хабар таратқан санаулы журналист жұмысын қауіпті жағдайда атқарды.
11
Ұлты осетин әйел жауынгер суретке түсуге ыңғайланып тұр.
Грузинге күйеуге шыққан орыс әйел Human Rights Watch ұйымына үйі тоналған соң, көмек сұрағанын, бірақ онысына "бұл ботқаны бастаған өздерің, енді соны өздерің жеңдер!" деген жауап естігенін айтқан.
12
Бетін бүркемелеген осетин жауынгері.
Қақтығыс кезінде заң жұмыс істемей, адам ұрлау қалыпты жағдайға айналды.
13
Қыстың суығында қалың киінген осетин жауынгері. Цхинвал.
Грузия қақтығыс кезінде Оңтүстік Осетияны газ бен жарықтан айырды. Цхинвалдағы ауруханада туған сәбилер суықтан көз жұмды деген хабар тарады. Цхинвалдағы хирург жылусыз жұмыс істеудің қиындығын былай сипаттаған: "Біреуге ота жасағанда, оның киімін шешуіңіз керек. Науқастың денесін жылыту үшін оны 12 ыстық су құйылған бөтелкемен қоршап қоятынбыз".
14
Грузия президенті Звиад Гамсахурдиаға қарсы төңкеріс кезінде билікке қарсы сарбаз Тбилиси орталығында минометті оқтап тұр. Желтоқсан 1991 жыл.
1992 жылдың қаңтарында ұзаққа созылған, қанға толы төңкеріс Гамсахурдианың тақтан тайдырылуымен аяқталды.
15
Цхинвалға таяу орналасқан бітімгерлік базасында қатар-қатар тізілген әскери каскалар. Шілде 1992 жыл.
Гамсахурдианың орнына келген Эдуард Шевернадзе 1992 жылы маусымда Оңтүстік Осетиямен бітімге келді. Көп ұзамай Грузия, Осетия және Ресей күштерінен тұратын бітімгерлік әскері Оңтүстік Осетияны бақылауға алды. Келісім мыңнан астам адамның қазасына әкелген қақтығысты тоқтатты, бірақ Оңтүстік Осетияның мәртебесі жөніндегі мәселені шешпеді.
16
Грузияның қарулы полициясы Оңтүстік Осетия шекарасында. 2016 жыл.
1990-жылдардағы қақтығыс тоқтағалы Оңтүстік Осетия мәселесі күн тәртібіне бірнеше рет оралды. Ең елеулісі 2008 жылы болды. Сол жылы Грузияның аумақты өз бақылауына алуға әрекеттенуі Тбилисидің Мәскеумен соғысына әкелді. Сол уақыттан бері Кремль Оңтүстік Осетияны "тәуелсіз" деп таниды. Ал Ресей мен Осетия әскерлері шекараны Грузияның ішіне қарай бірнеше рет жылжытқан.
Мәскеу шекараны бұлай өзгерту "Совет кезіндегі карталарда көрсетілген шекараға оралу" деп түсіндірген.
Оңтүстік Осетиядағы соғыстың салқыны 30 жылдан кейін де сезіледі
Recommended
Бакудегі климат саммиті: Тоқаев АЭС салу, Каспийге төнген қауіп, су тасқыны жайлы айтты
Back to top
XS
SM
MD
LG