"Талибан" содырлары Ауғанстандағы атақты әнші әрі музыкант Фавад Андарабиді өлтірді. Бұл жөнінде Times Now басылымы хабарлады. Оларға мұны марқұмның ұлы айтқан.
Басылымның жазуынша, тәліптер 28 тамызда Андарабидің Бағлан аймағындағы үйіне барып, әншіні сыртқа алып шығып, атып тастаған. Әнші оқиға орнында қаза тапқан. Андараби әндерінде "Талибан" тобын көп сынап, онымен күресіп жатқандарға қолдау білдіретін.
Ауғанстанның бұрынғы ішкі істер министрі Масуд Андараби де музыканттың қаза тапқанын растады.
27 тамызда "Талибан" басшылары Ауғанстанда қоғамдық орындарда музыка ойнауға тыйым салынатынын мәлімдеді. "Исламда музыкаға тыйым салынған, бірақ біз қысым жасаудың орнына жұртты иландыруға тырысып көреміз" деді тәліптер өкілі Забихулла Мужахид New York Times газетіне берген сұхбатында.
1996-2001 жылдары билік құрған тәліптер қатаң шариғат заңдарына сүйенген. Сол тұста елде азаматтардың саяси құқықтары мен негізгі бостандықтары шектелген. Әсіресе әйелдер мен қыздарға көп тыйым болған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
"Ислам мемлекеті" ұйымының Хорасан тобы туралы не белгілі?"14 жасымда тұрмысқа берді, хат танымаймын". Тәліптер режимін көрген екі қазақ әйелдің әңгімесі"Талибан" әлем елдерінің қолдауына ие болу үшін "өзгеруге" дайын ба?