Accessibility links

Украина Голодоморды геноцидке теңеді, Ресей келіспейді


Украина Голодоморды геноцидке теңеді, Ресей келіспейді
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:59 0:00

25 қарашада Украина халқы өткен ғасырдың отызыншы жылдары болған үлкен ашаршылық - Голодомор құрбандарын аза тұтты. Мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдарда тулар төмен түсіріліп, діни орындарда дұға бағышталды. Киевтегі Михайлов алаңында Голодомор құрбандарына орнатылған ескерткішке келген жұрт шырақтар мен бидай масағын қойды. Киевтің Птуха атындағы демография және әлеуметтік зерттеулер институтының мәліметтері бойынша, Голодомор салдарынан сол кездегі республика халқының 13 пайызы, яғни төрт миллионға жуық адам қаза болған. Украинада 1930-жылдары совет билігі кезіндегі саясатты украин халқына қарсы жасалған геноцид деп таныған. Ресей үкіметі онымен келіспейді. "Осы шақ" бағдарламасының видеосы - орыс тілінде.

XS
SM
MD
LG